RU

Танымал скрипкашы Қазақ ұлттық оркестрімен бірге өнер көрсетті

Марат Бейсенғалиев
Фото: Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметі

Белгілі скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бейсенғалиев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрімен бірге алғаш рет өнер көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құрманғазы оркестрінің 88-ші концерттік маусымының ашылуында ол оркестр сахнасында Карл Дженкинстің “Палладио”туындысын және скрипкамен жеке шығарма орындады.

Бұл әйгілі скрипкашының қазақ өнерпаздарымен бірігіп алғаш рет өнер көрсетуі. Оның шеберлігі көрермендерді тәнті етті.

"Құрманғазы оркестрімен өнер көрсету үлкен құрмет. Оркестр ұжымы өзінің ұлттық мәртебесіне сәйкес жұмыс жасады", - дейді Марат Бейсенғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934165-tanymal-skripkasy-qazaq-ulttyq-orkestrimen-barge-oner-korsetti/