Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерден алып жерге салу жоғынан": Дариға Бадықова Серік Ибрагимовпен ән жазып шығарды

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов белгілі актриса Дариға Бадықовамен бірге дуэт жазып, елді таңғалдырды. Ол өнердегі әріптесімен шығарған әні үшін қатты сөкпеуін сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Ибрагимов жаңа туындыны жарыққа шығарғаны туралы Instagram желісінде хабарлады. Ол киножұлдыз Дариға Бадықовамен бірлесіп, "Алло" әнін шырқаған.

Әнші халықтың қатты сөкпеуін сұрап, барынша қолдау көрсетуге шақырды. Оның үстіне, ол бұл Дариға Бадықованың ән әлеміндегі тек қана бастамасы екенін айтып қалды. Серіктің сөзінше, актриса әлі көпшілікті талай туындымен таңғалдыратын болады.

"Қымбатты оқырмандар Дариға Бадықова қарындасыммен орындаған әнді тыңдап бағасын беріңіздер! Бірден жерден алып жерге салу жоғынан! Анау-мынау өзбектің әні екен ғой өзімізде ән қалмады ма деп мысымызды басып тастамаңыздар! Айсара жеңешемнің ұнатқан әні мағанда қатты ұнады! Сіздердің көңілдеріңізден шықса біз қуанамыз!) Бір-бірімізді қолдайық сосын бастысы өте ерекше қатты ұнайтын актриса Дариға ханым әлі біраз сіз бен біз таңғалатын дүниелер жасауына сенімдімін! (Ән әлемінде) Бәріміз қолдап жіберейік! Ішіңізге симай жамандағыңыз келсе менің дайрегім ашық", - деп жазды Ибрагимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934245-zerden-alyp-zerge-salu-zogynan-dariga-badyqova-serik-ibragimovpen-an-zazyp-sygardy/

pixel