Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Актер жігіттер алдап түсірді": Әбдірайымов ел алдында абыройын қалай сақтап қалғанын айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов: instagram.com/baglan_abdraimov_official/

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов бүгінгі күні қоғам арасында кеңінен танымал болып отырған "пранк жасау үрдісіне" қатысты пікір білдірді. Өзінің басынан өткен оқиғасын баяндап берген әнші мұндай әрекеттер адамның көңіл-күйін түсіретінін айтып, ескерту жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол YouTube платформасындағы "Talim Trend" бағдарламасында айтты.

Әнші бір жылдары өнердегі әріптестері өзіне пранк жасап, алдап түсіргенін айтады. Арнайы жоба аясында актер жігіттер оған бағалы көліктің кілтін ұсынып, артынша мұның пранк болғанын жеткізген.

Жігіттердің әрекетіне сеніп қалған жұлдыз бастапқыда көңілі түсіп кеткенін де жасырмады.

"Мен білген жоқпын. Сеніп қалдым. Өзім араласатын ағалардың есімін айтып, ішіме кіріп, барлығын біліп алды. "Сен қандай көлікпен жүрсің?", - деді. "Lexus 470" дедім.

"Ой сен мынандай көлік пен жүру керексің" деп Lexus 570 көлігінің кілтін ұстатты. Мен сол кезде кәдімгідей сеніп қалдым. Бұл YouTube - қа шықты. "Хабардан" көрсетіп, ел алдында кәдімгідей масқарам шығатын еді.

Бірақ, сол кезде Қуандық Рахым мен тағы бір әнші ініммен "Аманат" деген топ құрып, Алаштың ардақтыларының мұрасын зерттеп, соны насихаттағым келіп жүрген еді. Мен сол кезде "Аға, ақыры ақшаңыз көп екен. Мен осы Қапездің әнін насихаттағым келіп жүр еді. Соған клип түсіріп беріңіз, бүкіл Алаштың ардақтыларын түсірейік" деген едім.

Міне, менің сол әңгімем мені сақтап қалды. Бұл сөзімнің салмақтылығы олардың бұл әзілдерін басып кетті.

Маған осылай жасаған жігіттердің өзі таяқтың астында қалды. Осылай абыройымды сақтап қалдым", - деді Бағлан Әбдірайымов.

Әншінің айтуынша, мұндай кездері адамға салқынқандылық танытып, өзін өзі барынша ұстаған жөн. Себебі, адам алданып қалған кезде оның эмоциясы бетіне шығып, тіпті бейәдеп әрекеттерге баруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934255-akter-zigitter-aldap-tusirdi-baglan-abdiraiymov-el-aldynda-abyroiyn-qalai-saqtap-qalganyn-aitty/

pixel