RU

"Бөлек тұрған дұрыс": Динара Бақтыбаева жас жұбайлардың өмірі жайлы пікір білдірді

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Отандық танымал актриса Динара Бақтыбаева жас отбасылардың өміріне қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі енді ғана шаңырақ көтерген жас жұбайларға ата-анадан бөлек тұруға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Бақтыбаева Instagram парақшасында жанкүйерлеріне барынша ашылып, жас отбасы мәселесіне қатысты өз сырын бөлісті.

Өнер иесінің сөзінше, ересек адамдар ата-анасынан бөлек тұру керек.

"Өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін. Алайда, егер жағдай мен мүмкіндік болып жатса, бөлек тұрған дұрыс. Бұл жас жұбайларға ғана емес, басы бос жастарға да қатысты нәрсе. Ата-аналарымыз үшін біз әрдайым бала болып қала береміз. Сол себепті, олардың қасында тұрып біз өзімізге жайлы ортаға үйреніп кеткенімізді байқамай қалып жатамыз. Үйдің жайы жақсы болғанда алға ұмтылуға, өсуге, дамуға ынта жоқ. Оның үстіне ата-ананың қаржылық көмегі балаларының ақша мәселесін жауып тұрады", - деп жазды актриса.
Динара Бақтыбаеваның Stories-і
Скриншот: Instagram/dika_strai

Сонымен қатар, киножұлдыз ғашықтардың тойға дейін бірге тұруына қатысты да пікір білдірді. Өнер иесі некеге дейін бір шаңырақ астында тұруды үйлесіміліктің таптырмас тексерісі деп санайды.

Динара Бақтыбаеваның Stories-і
Скриншот: Instagram/dika_strai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934655-bolek-turgan-durys-dinara-baqtybaeva-zas-zubailardyn-omiri-zaily-pikir-bildirdi/