Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түк әлім жоқ": Тамара Асар екінші перзентін қалай босанғанын айтып берді

Опубликовано:

Тамара Асар жолдасымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Жақында ғана екінші перзентін дүниеге әкелген Тамара Асар босанғаннан кейін қандай жағдайда болғанын айтып берді. Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын анасына қалай жеткізгенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Тамара Асар қызы Ажарды босанғаннан кейін қандай күйде болғанын Instagram парақшасында айтты. Сөзінше, өнер иесінің тұла-бойы мұз болып, қатты әлсіреп қалған.

"Көзім қарауытып, бөлменің іші, қабырғалар жыбырлап жатыр. Түк әлім жоқ, денемді бір нәрсе басып өткен сияқты, аузым құрғап барады, жылағанмын ба, көзімнен құлағыма мұздай жас па,бірнәрсе салқындау әйтеуір, бетімнің, жақ-сүйегімнің терісі, құлағымның ылғалдылығынан тоңып жатыр. Тісім-тісіме соғып, дір-дір етеді. Тұла-бойым тас мұз. Бақайым қатып барады. Есім кіресі-шығасылы түсініксіз.
Айналамдағы адамдардың сөздері, жанымды да, тәнімді жылытар емес. Не айтып, не қойып жатқанын кім білсін? Шықылықтаған дыбыс, кеудемде жатқан тіршілік шақалақты енді шын сездім. Жыбыр-жыбыр бірнәрсе, сол жақ омырауымды жұлып барады, енді түсіндім. Көзімнен ыстық жас құлаққа қарай құлай саулады", - деп жазды әртіс.

Алайда ауыр жағдайына қарамастан әнші көмекшісінен телефон сұратып, дереу анасына хабарласқан. Ол өміріндегі әсерлі сәтті жанкүйерлеріне өзі баяндап берді.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы ерекше отбасылық суреттерін де бөліскен.

"Телефон сұратыпсыз, мінеки алыңыз, көмекшіңіз беріп жіберді" деді біраздан кейін бір мейірбике. Рахмет дедім, даусым қарлығып. Барымша қырылдаған тамағымды жұтынып, ретке келтіргенсіп, телефонды құлағыма тосып, "Сәлембердік, апа. Апа, қыз тудым" дедім, дауысым дірілдеп.

Көзімдегі жас тамағыма тығылып, қылғынтып барады. Сонда да шешеме жылап жатқанымды сездіргім келмей тұр. Күні кешегі уайым, қобалжу, айналамнан аяғым ауыр екенін жасыру, жеріктік, ісу-кебу, бәрі бүгін жан мен тән арпалысып-алысып, қуанышқа ұласқанына сенбей жатқан эмоциялардың айқасымен шайқасы ғой бұл.

Шешем амандығымды сұрап, бауы берік болсын деді. Содан кейін сәл кідіріп, бұл қиналыстың ертең ұмыт болатынын айтты. "Ең бастысы ішіңнен “шиің” шыққасын болады да, қашаннан Қамбардан кейін қыз армандап едің, жаның қалып, кең Құдай өзің мен нәрестеңе жарық дүниені қайта сыйға бергесін болады да" деп, тебіренген дауысының толқынысын маған білдіргісі келмей, жөтелгенсіп, тамағын қырғансып, әңгімесін әрі қарай жалғады, шалқамнан жатқасын, екі көзімнен аққан ыстық жасқа, екі құлағым шомылып, тыңдай бердім, тыңдай бердім", - деп ағынан жарылды Тамара Асар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934665-tuk-alim-zoq-tamara-asar-ekinsi-perzentin-qalai-bosanganyn-aityp-berdi/

pixel