Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің анасы әншінің Қытайға көшуі туралы ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Светлана Айтбаева
Фото: Instagram/sveta_aitbaeva73

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы оның Қытайға көшуіне қатысты шындықты жеткізді. Светлана Айтбаева ел арасында тарап жатқан ақпаратты теріске шығарып, ұлының Қазақстанда қалатынын кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайбергеннің анасы баласының Пекинге тек жұмыс бабымен барғанын айтты. Ол жұлдызды ұлының Қазақстаннан өзге елге көшуге ниеті жоқ екенін жеткізді.

Светлана Айтбаева "Экспресс-К" басылымына арнайы сұхбат беріп, желіде қызу талқыланып жатқан тақырыпқа нүкте қойды.

"Адамдардың өтірік айту қабілетіне таңғаламын. Біреулер оны хайп үшін жасайды. Ол ешқайда да көшпейді. Қазақстанда қалады. Әдеттегідей гастрольдік сапарға шығып, елдерді аралайды. Ресейге, АҚШ-қа қалай барып келсе, Қытайға да солай. Жақында Отанына қайта оралады", – деді Димаштың анасы. 

Айтбаева Димаш Америкаға аттанар кезде де оған қатысты жалған ақпарат таралғанын айтып өтті. 

"Америкада тұру немесе ол елдің азаматтығын алу Димаштың жоспарында жоқ. Гастрольге барады, арасында білім алады. Оның барлығы тек жұмыс бабымен. Біз жолға аттанарда шығарып салуға адамдар келді. Бізді мәңгіге кетіп барады деп жылады. Өте ыңғайсыз жағдай болды", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934686-dimas-qudaibergennin-anasy-onyn-qytaiga-kosui-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/