RU

"Бұл елдегі тыңдармандарды сағындым": Димаш Құдайберген Қытайда өнер көрсетті (видео)

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Жақында ғана Қытайға оралған Димаш Құдайберген жергілікті халықтың алдында өнер көрсетті. Ғажайып дауыс иесі өзінің Screaming атты әнін орындап, желіде оның видеосымен бөлісті. Аталмыш бейнежазба бірнеше сағатта жүз мыңнан аса қаралым жинаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген 28-қыркүйек күні Пекинде өткен студенттік фестивальде Screaming әнін шырқады. Әнші өнер көрсетуінің видеосын Youtube желісінде жариялап қойған.

"Мен араға екі жыл салып, Қытай сахнасына оралғаныма қуаныштымын", - деп жазды ол өзінің Weibo парақшасында.

Өнер иесі Қытайға ертерек оралғысы келгенін айтты. Алайда, оның жоспарын карантин өзгерткен.

"Бұдан екі жыл бұрын мен жұмыс бабыммен және отбасымды көріп қайту үшін Қазақстанға кетіп қалдым. Жоспар бойынша мен онда 20 күн болуым керек еді. Алайда, кенеттен басталған COVID-19 салдарынан мен қайта оралу мүмкіндігінен айырылдым. Мен сахна мен осы елдегі тыңдармандарымды сағындым. Сіздермен қайта қауышқаныма қуаныштымын", - деді ол баспасөз мәслихаты барысында.

Димаштың сөзінше, оған Қытай мен өзге елдерде киноға түсу туралы ұсыныстар көптеп жасалуда.

"Егер мені қызықтыратын рөл ұсынылса, өз қағидаларыма қарамайтын да шығармын. Әзірге нақты бір нәрсе айту қиын. Бірақ, барлық ұсыныстарды қарастырып жатырмыз", - деп түсіндірді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934899-bul-eldegi-tyndarmandardy-sagyndym-dimas-qudaibergen-qytaida-oner-korsetti-video/