Айқын ұлының туған күнін бұрынғы әйелімен бірге атап өтті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген тұңғышы Аңсардың туған күнін бұрынғы әйелімен бірге атап өтті. Ата-ана перзентінің жаңа жасын тойлап, жақындарына дастархан жайған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аңсардың туған күн кешінде түсірілген бейнежазбалар Instagram парақшаларға тарап кетіп, бірден ел қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, мерекелік шарада Айқын да, бұрынғы келіншегі Әсел де болған.
Олар желіде жарияланған видеоларда бой көрсетті. Экс-жұбайлар тұңғышының жаңа жасқа толуына орай, үлкен мерекелік шара ұйымдастырған. Алдымен туған күн иесін мейрамханада тортпен құттықтаса, кейін жиналған барша балаларды тауда ойнатқан. Соңында барлығы атпен серуендеген.
Айта кетерлігі, аталмыш мерекелік шарада әншінің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали болмаған. Алайда, Айқын баласының туған күніне екінші некеде туған ұлы Санжарды алып барған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935188-aiqyn-ulynyn-tugan-kunin-buryngy-aielimen-birge-atap-otti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.