Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"185 миллион": Заттыбек Көпбосынұлы хан сарайындай үйін сатылымға шығарды

Опубликовано:

Заттыбек Көпбосынұлының сатылымға шығарылған үйі
Фото: Instagram/zattybek

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы үш қабатты үйін сатуға шығарды. Ол Шымкент қаласында орналасқан зәулім сарайына 185 миллион теңге сұрап отыр деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әнші кең сарайдай жаңа үйіне отбасымен 2015 жылы көшіп келген. Заттыбек үйін көне грек мәдениетінің стилінде жасаған.

"Үй 12 бөлмеден тұрады. Кең қонақ бөлмелері, жатын бөлмелер, кинозал және екі мезгілге арналған ас үй бар. Жер телімі 16 сотық. Жиһаздармен қоса сатылады, " — дейді әнші.
Заттыбек Көпбосынұлының сатылымға шығарылған үйі
Фото: Instagram/zattybek

Әнші коттеджін бұған дейін де бірнеше рет сатпақ болған. Алайда Заттыбек оны 250 миллион теңгеге сата алмаған. Бұл жолы әнші алдыңғы бағасына қарағанда біраз арзандатқан.

" Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар өмір болған соң. Көзқарас, ұмтылыс, пікірлер өзгеріп отыратын тағы да бар.Менің үйім, менің шаңрағым талай жақсылықтарымның талай тарландармен таланттарға төрінен орын берген береке бірліктің куәсі.Алланың маған берген ризығымен адал еңбегімнің жемісі. Алланың маған бергендеріне сансыз шүкірлер етемін. Менің де Алла ризалығы үшін істеген бір ісім болсын деп шарбағымның бір шетін ауылдастарым мен Алла жолын танып білгісі келгендер үшін намазхана етіп бердім. Алла білуші ғой, ниетім Аллаға ғана аян. Енді осы үйге менен кейін ие болар иесі табылса деп саудаға қойдым, " - деп жазды Заттыбек өзінің Instagram парақшасында.
Заттыбек Көпбосынұлының сатылымға шығарылған үйі
Фото: Instagram/zattybek

Заттыбек Көпбосынұлының сатылымға шығарылған үйі
Фото: Instagram/zattybek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935236-zattybek-kopbosynuly-xan-saraiyndai-uiin-185-millionga-satpaq-foto/

pixel