Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Режиссер Жеңісхан Момышев жақында тағы да сәбилі болмақ (фото, видео)

Опубликовано:

Жеңісхан Момышев жарымен
Видеодан кадр: Instagram/diva_boni

Қазақстандық танымал режиссер Жеңісхан Момышев жақында тағы да сәбилі болмақ. Өнер иесінің жары Балнұр Қуантай үшінші перзентіне аяғы ауыр екенін ресми түрде растады. Жұлдызды жұп гендер-пати жасап, болашақ баласының жынысын да жария етіп үлгерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықпен бірінші болып жұлдызды ана бөліскен. Ол Instagram парақшасында өзінің жүкті екенін растайтын видеоны жариялап қойған.

"Жасырудың қажеті де жоқ. Қайырлы таң жандарым, көріп отырғандарыңыздай менің үшінші рет аяғым ауыр.Бұл кезде тосын сый жасамақшы едім. Бірақ, сіздермен бөлісіп отқанда жөн көрдім. Құттықтап қойсаңыздар болады. Көз тимесін деп осы күнге дейін жасыруға тырыстық, ары қарай жасыру мүмкін емес сияқты. Бұйырса ата-ана атанамыз! Аллаға сансыз шүкір. Ия, жүрегімнің астында бүлкілдеп кішкентай ғана жүрекше соғып тұр. Сіздер де менің бір отбасым болғандықтан, өз аузыммен айтқанды жөн көрдім. "Қуанышыңмен бөліссең, көбейеді"- дейді атам қазақ. Ендеше, біз үшін де жақсы тілекте, дұғада болыңыздар", - деп ағынан жарылды Балнұр Қуантай.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды құттықтап, өз ақ тілектерін білдірді.

Айта кетерлігі жұлдызды жұп үшінші сәбиінің жынысын анықтау үшін жақын достарының арасында шағын гендер-пати ұйымдастырған. Оның нәтижесінде жұбайлардың ұл бала күтіп жүргені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935246-rezisser-zenisxan-momysev-zaqynda-tagy-da-sabili-bolmaq/

pixel