Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үшінші рет үйленгің келетін шығар": Назимамен кездескен Айқын қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Назима
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген өнердегі әріптесі Назима Жәнібековамен кездесіп, желіде онымен түскен суретін жариялады. Әншілердің фотосы оқырмандар арасында бірден қызу талқыға қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Назимамен түскен суретін Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иелері жұмыс бабымен кездесіп қалғанға ұқсайды.

Төлепберген бүгінде Ресейде өнер көрсетіп жүрген әріптесімен кездескеніне қуанышты болғанын жасырмады.

"Кездесіп қалдық. Назима көріскеніме қуаныштымын. Шымкенттің өте талантты әрі қайсар қызы", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл фотоға қатысты қызу пікірталас ұйымдастырған. Олар әншілердің арасында сезім пайда болуы мүмкін екенін болжап жазды.

"Назима өте тартымды қыз", "Әсел, Жұлдыз енді Назима ма?", "Айқын сен оны қалаған боларсың, Мүмкін, үшінші рет үйленгің келіп кеткен шығар", "Өте әдемі жұп шығар еді", - деп пікір білдірді оқырмандар.

Өнер иесін жақтап шыққан жандар да табылды. Олар бір суретте тұрған ештеңе жоқ деп санайды.

Сонымен қатар, Айқын ТМД бойынша аса танымал атғы бір отандасымен түскен суретін жариялады. Ол Jah Khalib лақап атымен өнер көрсетіп жүрген Бахтияр Мамедовты қатты сыйлайтынын айтты.

"Осы жігітті қатты сыйлаймын!!! Әндері де жаныма жағады. Кім екенін танып тұрған шығарсыздар", - деген жазба қалдырды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935268-usinsi-ret-uilengin-keletin-sygar-nazimamen-kezdesken-aiqyn-qyzu-talqyga-qaldy/

pixel