Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осында тұруды армандадым": Сәдуақасованың қай елге көшіп кеткені белгілі болды

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Фото: Instagram/asselsadvakassova

Отандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова Қазақстаннан кетіп, қай елге қоныс аударғанын айтты. Белгілі болғандай, өнер иесі уақытша Ресей астанасында тұратын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сәдуақасова Қазақстаннан кетуге ниетті екенін жақында ғана айтқан болатын. Алайда, актриса қай елге көшіп бара жатқанын көпшілікке бірден жария еткен жоқ. Ол бар болғаны киімге толы сөмкелерін көрсетіп, оқырмандарына жаңалығын хабарлады.

Дегенмен, өнер иесінің қай мемлекетке жол тартқаны енді белгілі болды. Ол Ресей астанасы Мәскеуде тұруды шешкен. Сәдуақасова өз таңдауын Instagram парақшасында түсіндірді.

"Неге мен Мәскеуді таңдадым? Мен осында тұрып оқуды көптен бері армандадым. Алматыдан кейінгі сүйікті қалам ол - Мәскеу. Бұл жайтты көбі біле бермейді. Бастапқыда мансап қудық, келісімшарттар болды, кейін қарым-қатынастар, сосын кино, артынан карантин болды. Қысқасы, әркезде бір нәрсе кедергі болып тұрды.
Ал бұл жолы ойлана келе, неге кетпеске деген ой келді. Неге өз арман-мақсаттарымды іске асырмасқа? Өмір жалғыз ғой. Одан бәрін күтуге болады. Мен қатты алаңдадым. Қолымнан келеді ма, жоқ па? деп ойландым. Алайда, бойымда жақында пайда болған қызығушылық пен өмірге деген құлшыныс қорқыныштарымды жеңді. Жаратушы мені әрдайым ашық жолмен жүргізіп келеді", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935367-osynda-turudy-armandadym-saduaqasovanyn-qai-elge-kosip-ketkeni-belgili-boldy/

pixel