Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғарыш": Ерекше фотосессия жасаған Айжұлдыз Адайбекова елді өзіне қаратты

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық жас дизайнер Айжұлдыз Адайбекова желіде жаңа фотосессиясын жариялап, қалың көпшілік назарын өзіне аударды. Оқырмандар талантты арудың ерекше идеясына тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанованың қызы Instagram парақшасында соңғы фотосессиясының нәтижесімен бөлісті. Жас ана бұл жолы аса ерекше образда бой көрсеткен.

Желі қолданушылары бірден Айжұлдыз Адайбеокваның жаңа суреттерін қызу талқылауға көшті. Олардың басым көпшілігі жас ананың ерекше стиліне тәнті болған. Кейбірі оның фотосессиясын аса қорқынышты деп санаған.

"Өте ерекше образ. Сізге қарап, Голливудты бағындырар уақыт келді дегің келеді", "Сіздің шығармашылығыңызға тәнтімін. Ғарыш қой", "Ерекше стиль , ерекше суреттер және ең маңыздысы ерекше адам", "Ерекше, әдемі. Қиялың керемет", "Мына суреттер шынымды айтсам қорқынышты екен", "Бұл суреттер не мағына береді? Бір қызық жансыз", "Қатты намысшыл қыз сияқты. Мамасының атымен жамылғысы келмейтін. Ерекше", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935392-garys-erekse-fotosessiya-zasagan-aizuldyz-adaibekova-eldi-ozine-qaratty/

pixel