Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араласпаймыз": Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Некесі сәтсіз аяқталған әнші Динара Қырықбаева бұрынғы жолдасымен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты. Экс-жұбайлар қазіргі уақытта мүлдем араласпайтын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен арақатынасы жайлы бар шындықты "Папарацци" бағдарламасында ақтарды. Ол балаларының әкесіне тек бақыт тілейтінін жеткізді.

"Иә, ажырасқаныма 2 жыл болды. Шүкір, 3 балам бар. Жолдасыммен араласпаймыз, көріспейміз. Бірақ ол менің балаларымның әкесі, әрдайым солай болып қалады. Тек қана бақыт тілеймін. Өмірінде бәрі жақсы болсын" , - деді өнер иесі.

Оған қоса, эстрада жұлдызы екінші мәрте тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді.

"Күйеуге шығып қалсам, жарияламаймын, ешкімге айтпаймын. Бірақ кім біледі?! Мүмкін махаббатымды кездестіріп қалармын? Өмір ғой", – деді Динара. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935581-aralaspaimyz-dinara-qyryqbaeva-buryngy-kuieuimen-araqatynasy-turaly-aitty/

pixel