Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намаз оқып, ораза ұстап жүр": Түсіпбаева түрмеге жабылған Әлібидің жағдайын баяндады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Ақтөбеде 10 жылға сотталып кеткен лагерь тәрбиешісі Әлібидің жағдайы туралы айтып берді. Өнер иесі талантты жастың жағдайына алаңдаушылық білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева ақтөбелік жігітке іс қозғалғаннан бастап өз қолдауын білдіріп келеді. Өнер иесі Әлібидің кінәлі екеніне сенбейді.

Бұған дейін әнші оны көріп қайту үшін арнайы түрмеге барып қайтқан болатын. Араға бірнеше ай тастап, ол Әлібидің қазіргі қал-жағдайы жайлы білуге тырысты. Эстрада жұлдызы лагерь тәрбиешісінің бүгінде қандай күйде екенін Instagram парақшасында баяндады. Оның сөзінше, жас жігіт намазға жығылып, ораза ұстап жүр екен.

"Жаңа ғана Асхат Маемировпен сөйлестім. Әлібидің казіргі жағдайы туралы, нағашы әпкесі Қырмызы ханым пост жазыпты. Асхат мырза, ертең Астанаға Абзал Құспан келеді. Сөйлесіп, ақылдасамыз деді. Қанша танымал адам бас қосып, әділдікке жете алмай қойдық. Ең соңғы рет, “Евразия “ арнасынан Әлібиге арналған бағдарламаны бір көрсеткен соң, көзін құртқызды ( қай докей екен), ютубқа салғызбапты. Енді не істеуге болады?!
Әлібиге айттым, ана жолы, шыдамды бол, деп. Зорланған- қорланған адам жоқ! Намазға жығылып, ораза ұстаған екен. Аллах жар болшы! Ана жолы, өзім жасадым деп, таспих ұстатып кетті, қоштасарда. Тар қапаста отырып -мені құр қол жібергісі келмегені ғой. Осы жасыл таспихты, жол- сөмкемнің қалтасында ұстаймын. Жолсапарда үнемі менімен бірге", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935586-namaz-oqyp-oraza-ustap-zur-tusipbaeva-turmege-zabylgan-alibidin-zagdaiyn-bayandady/

pixel