Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол таксист": Мадина Сәдуақасова әкесі туралы айтып берді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова ауқымды сұхбат беріп, оның барысында әкесі туралы айтып берді. Өнер иесінің әкесі оның табыстаған бағалы сыйлықтарын қабылдамайды екен. Ол тіпті перзенті тарту еткен қымбат көлікті алмай қойған. Нәтижесінде балалары әкесіне анағұрлым қарапайым темір тұлпар алып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова әкесінің ел қатарлы қарапайым өмір сүргісі келетінін жеткізді. Әншінің сөзінше, асқар тауы әкесі бүгінде зейнетте болғанымен, жұмыс істеуді тоқтатпаған. Ол такси жүргізушісі болып қызмет етеді. Сол үшін балалары оған үлкен автоның орнына "Лада" көлігін сыйлаған.

"Менің әкем қымбат киім, қымбат заттар дегенді жақтырмайды. Ол тек өзі ғана таңдайды өзіне. Ол пафос деген нәрсені ұнатпайды, өтірік деп санайды. Ол "менің қарапайым өмірімді өзгертпеңдер" дейді. "Мен қазір зейнетке шықтым ба? Мен таксовать етемін" деді. Ол бізге өзі ұнататын ақ түсті "Лада" көлігін алып беруімізді тапсырды. Бұған дейін ол сыйлаған джип көліктерімізді қабылдамай қойған. Әкем осымен бірнеше жыл қатарынан тек "Лада" мінеді. Жетпіс жылдығына салоннан барып сол көлікті алып бердік.
Әкемнің үйде шаруашылығы бар. Егін егеді. Сосын таксовать етеді. Менің әкеме ұқсайтын адамды көріп қалсаңыз, демек ол менің әкем. Ол арасында ғана адам тасиды. Қала ішінде жүрмейді. Өзі тұратын Теректі деген жерде жүргенді жақсы көреді, адам мінгізеді. Басында қатты ренжідім, кейін түсіндім. Ұялмаймын, онда тұрған не бар. Ұялсам айтып отырамын ба осылай. Бұған дейін ешкім сұраған емес. Сол себепті айтпаған да шығармын. Осымен біз бесінші "Ладасын" әпердік. Оған дейінгі көліктерді сатып тастайтын", - деді Сәдуақасова "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935610-ol-taksist-madina-saduaqasova-akesi-turaly-aityp-berdi/

pixel