Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапқа тартылады": Тамара Асар өз атын заңсыз пайдаланып жүргендерге шүйлікті

Опубликовано:

Тамара Асар
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар өз атын заңсыз түрде пайдаланып, халықты алдап жүргендерге ескерту жасады. Өнер иесі оларды жауап тартатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар өзінің атынан парақша ашып, көпшіліктен пайда табуды көздеп жүргендерді әшкереледі. Әнші Instagram желісінде жанкүйерлеріне алаяқтарға алданып қалмауын ескертті.

Ол бұл істі бей-жай қалдырмай, заңбұзушыларды жауапқа тартқызатынын жеткізді.

"Менің атымды жамылып, өз шаруаларын реттеп жүргендер, менің атымды, фотоларымды қолданғаны үшін заңды түрде жауапқа тартылады", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары алаяқтар туралы ескерткен эстрада жұлдызына алғыстарын жеткізді. Кейбірі олардың арбауына түсіп қала жаздағандарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935622-zauapqa-tartylady-tamara-asar-oz-atyn-zansyz-paidalanyp-zurgenderge-suilikti/

pixel