Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтудеміз": Мадина Сәдуақасова тағы да сәбилі болуға қатысты жауап берді

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Видеодан кадр: youtube/Taboo

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова барша жанкүйерлерін қызықтырған сұраққа жауап берді. Өнер иесі екінші баланы дүниеге әкелуді қай уақытқа жоспарлап жүргендерін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова тұңғышы Әнуарға іні немесе қарындасын сыйлағысы келетінін жасырмады. Алайда, бұл арманы әзірге іске аспай жатыр. Оның себебін әншінің өзі "Taboo" бағдарламасында түсіндірді.

"Екінші бала жоспарда бар. Алла беріп жатса екіншісін де, үшіншісін де дүниеге алып келеміз. Бірақ, енді Алла тағаланың бізге қатысты жоспары әзірге осындай болып тұр. Күтудеміз", - деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызы жолдасы екеуінің жас айырмашылығына қатысты не ойлайтынын айтты. Бұл жайт ерлі-зайыптыларға мүлдем кедергі келтірмеген. Тіпті қос тарап та олардың отбасын құруына қарсылығын білдірмепті.

Алайда, Сәдуақасова сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағанда жас мәселесі жайлы ойланып қалғанын айтты.

"Менің жақындарым жақсы қабылдады. Оның жасын емес, оның өзін жақсы қабылдады. Себебі, бізде жас айырмашылық бірінші тұрмайды. Бірінші орында адамның өзі, оның мінезі, саған деген құрметі, махаббаты, сыйластығы маңыздырақ. Жас айырмашылық деген ең соңында тұрады. Мен басында ойландым. Әсіресе, "иә" дегеннің алдында ойланып қалдым. Бірақ, кейін ол жайында ойламай кетеді екенсің. Негізі, жас айырмашылығы мүлдем сезілмейді. Меніңше, бәрі мінезге байланысты. Мысалы Олжас салмақты, бәрі жоспармен болғанын жақсы көреді. Аяқ астынан болатын жайттарды ұната бермейді. Бірақ, соңғы кездері сол жағынан өзгеріп жүр. Негізі Олжастың отбасында әйелдер күйеулерінен үлкен болып келетін жағдайлар көп. Сондықтан болар, олар ондайға аса көп мән бермейді", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935669-kutudemiz-madina-saduaqasova-tagy-da-sabili-boluga-qatysty-zauap-berdi/