"Айлығы 500 мың болмаса, тастап кетеді": Бадықова заманауи қыздар туралы шындықты айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Дариға Бадықова жігіттердің ақшасына құмар арулар жайлы сөз қозғап, заманауи жастарға қатысты өз ойын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова Instagram желісінде қазіргі қоғамда жиі кездесетін тақырыпты көт еріп, оған пікір білдірді. Актриса бүгінгі жастар жайлы ойын айтып, өзінің жастық шағын да еске алды.
Өнер иесі бұрындары материалдық құндылық аса маңызды болмағанын алға тартты. Ал қазіргі кезде бәрі басқаша дейді әртіс. Оның сөзінше, бүгінде қыздар жігіттерді жағдайына қарай таңдайтын болған.⠀⠀
"Қазіргі қыздарға қарап отырып, өзімнің қыз кезімді еске түсірдім. Құдай-ааау, біз деген нағыз лох болған екенбіз. 20 жыл бұрын келдік Алматыға. Қыз болғасын жігіттермен танысамыз. Ол жігіттің машинасы бар ма, жоқ па, ол қандай марка, үйі бар ма, коттеджі бар ма, ата-анасы кім, ойбай-ау даже жұмысы бар ма, айлығы қанша, тіпті де ойланып, соны сұрап көрмеппіз. Әйтеуір, жігітпен танысып, сөйлескенімізге мәзбіз. Арасында “единица салып жіберші” десе, дым артық ойсыз сала саламыз. Шот төлегенде ақшасы жетпей қалса, қоса саламыз. Шот демекші, күйеуім алғашқы кездесуге мені кафеге емес, кағанатқа апарып қатырған.
Ал қазіргі қыздарды айтам да, жігіттің затына емес, астындағы атына қарайды екен. Кемінде 500 000 айлығы болмаса, тастап кетеді екен. Рас па екен осы? Оған қоса, оларды анау-мынау емес, элиталық ресторанға апарып, туған күн, мейрам сайын әжептәуір сыйлықтар әперіп, апта сайын гүл сыйлау керек екен. Шот төлеп, единица салуды айтпай-ақ қояйын. Тіпті үйленуге сөз салуы да ерекше болуы керек екен. “Ол иә деді" деп, видео түсіріп, жұртқа көрсету үшін. Бізге ұсыныс та жасамапты да", - деп жазды Бадықова.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова арықтауға кіріскенін хабарлаған болатын. Өнер иесі бұл қадамға оқырмандарының сынынан кейін барған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935705-ailygy-500-myn-bolmasa-tastap-ketedi-badyqova-zamanui-qyzdar-turaly-syndyqty-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.