Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барып тұрамын": Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек бүгінде түрмеде отырған әкесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Продюсердің қызы абақтыға барып тұратынын айтып, ел алдында бұл тақырыпты мүлдем қозғағысы келмейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Желі қолданушылары блогер аруға түрлі сауалдарды жолдады. Алайда, олардың бірі болашақ анадан туған әкесімен қарым-қатынасы жайлы сұрап, оның ашуын келтірді.

"Иә, барып тұрамын. Ал сіз осындай сұрақ қоймас бұрын, неге бұл тақырыпта ешқандай жазба, сторис жоқ деп ойладыңыз ба? Мүмкін оны сөз қылатындай немесе мақтанатындай себеп көрмеген болармын?! Түсінікті жағдай, бұл тақырып менің жаныма жақпайды. Егер осыған ұқсас жағдай сіздің басыңыздан өтсе, бүкіл елге жария еткіңіз келер ме еді?! Ендеше мұндай сұрақ қоймас бұрын, алдымен мен жүріп өткен аяқ киімді неге киіп көрмеске?

Инстаграмдағы адамдарға ұқсап, аяушылық сезімін тудырғым, мұндай сұм жолмен аудиторияның махаббатын жаулағым келмейді. Аянышты жазбамен фото-видео жариялап, ақымақтық танытқым келмейді. Ол менің болмысыма жат.  Өз-өзіме адалмын, не істеп жүргенімді, қандай перзент екенімді өзім білемін. Оны елге көрсету аянышты деп ойлаймын. Бұл жариялайтындай тақырып емес. 

Құдайға шүкір, анам ақылсыз әйел емес. Әкемізбен арадағы мәселесін балаларына өткізген жоқ. Әкем де солай. Сондықтан да анаммен де, әкеммен де қарым-қатынасым керемет. Сіз осыны ғана білсеңіз жеткілікті. Ал сіз тәрбиесіз, әдепсіз және ақылсыз әйелсіз", - деп жазды Айсәуле.
Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935835-baryp-turamyn-aisaule-baqytbek-akesimen-qarym-qatynasy-turaly-bar-syndyqty-aitty/

pixel