Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық соттайды": Айдарбекова жалаңаштанып жүретін аруларға шүйлікті

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова құрбысымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желілерде купальникпен түскен суретін жариялап, ашық образын ел назарына ұсынатын шоу-бизнестегі аруларға наразылығын білдірді. Өнер иесі қыздардың жалағаштанып жүруіне қарсы екенін жеткізіп, бикештерге өз ақылын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова көпшілік алдында биік болу үшін ар-ұятты бірінші орынға қою керектігін алға тартты. Белгілі продюсер бұл тақырып аясында азулы жазба жариялап, өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, Қайрат Нұртастың анасы өзінің үнемі ел назарында екенін жақсы білетінін айтты. Сол себепті ол әр қадамын жақсылап ойланып жасайтынын жасырмады.

"Халық соттайды ғой. Осы сөзіме жанымдағы қыздар біраз күліп алды. Шынында халқым жас болсын, егде болсын әр уақытта басқан ізіме мән беріп отыратыны бәріңізге аян. Кейде ренжісең, кейде қуанасың, аспанға да ұшырады, жерге де атып ұрады, тұжырымдай отырып, мен оларға керекпін деген ой көкейіңде тұрады. Түсіне білген адамға бұл сезімнің, соны сезінудің өзі қандай бақыт. 

Маған 2-3 адам сұрақ қойды, халық ертең не дейді деген сөзді көп айтады екенмін. “Сіз үнемі халық деген сөзді көп айтасыз, өзіңіздің қалауыңызша өмір сүргіңіз келмейді ма?” – деп. Шынымды айтсам, халықсыз мына әлем де, өмір де қызықсыз сияқты. Осы мінезімнің арқасында биікке көтерілдім, ұят деген сөзді балаларымның санасына құя алдым, отбасымды сақтап қала алдым, бауырларымды, анамды жерге қаратпадым, ең бастысы арқа сүйер азаматым, Нұрекеңе ең сұлу, ең сүйкімді әйел бола алдым.

Анамыз табиғатымызға да миымызға да сіңдіріп қойған мінез ғой. Кейінгі кезде блогерлер өзіңнің қалауыңмен өмір сүр, ешкімді тыңдама дейді. Тыңдайтын адамдарың болса, тыңдаумен қатар, өзіңе ұнайтын өмірді де сүруге болады. Бір жағы саған сеніммен қарайды, ал сен сол сенімдерін аяққа таптағың келмейді, бұл тәрбие. Меніңше бірінші ар-ұят деген жүрегіңнің түбінде тұруы керек. Тұмшаланып жүремін деп мақтанбаймын, купальникпен суға оранбай түсемін, бірақ суретке, видеоға келгенде осылай енді", – ", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935844-xalyq-sottaidy-aidarbekova-zalanastanyp-zuretin-arularga-suilikti/

pixel