Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас актриса Зухра Сайпидің тұрмысқа шыққаны рас па (фото, видео)

Опубликовано:

Дәулет Абдулов пен Зухра Сайпи
Видеодан кадр: Instagram/thedaqlet

Желіде жас актриса Зухра Сайпи мен танымал тиктокер Дәулет Абдуловтың үйлену тойынан видео тарап кетті. Қалың көпшілік қос жұлдызды шаңырақ көтерді деп болжады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Зухра Сайпи мен Дәулет Абдулов Instagram желісін шулатты. Актриса мен тиктокер өз парақшаларында той кезіндегі фото мен видеоларын бөлісіп, елді ойландырып қойды.

Бейнежазбада жастардың қалыңдық пен күйеу жігіт кейпінде тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары оларды үйленіп алды деп болжаған. Қалың көпшілік жазбаны көрген бойда Зухра мен Дәулетті сұрақтың астына алды.

Алайда, олар бұл жайтқа қатысты әзірге үнсіздік сақтап отыр. Жастар өз тойлары жайлы ешқандай пікір білдірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936070-zas-aktrisa-zuxra-saipidin-turmysqa-syqqany-ras-pa-foto-video/

pixel