Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне су жаңа көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас ата-анасымен
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың отбасында қуанышты жағдай. Жұлдызды жанұя өткен демалыста әкелері Нұртас Айдарбековтың туған күнін дүркіретіп тойлатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас әкесінің жаңа жасқа толуына орай, дүбірлі той жасаған. Онда жұлдызды әулеттің ет-жақындары мен бірқатар өнер жұлдыздары жиналған.

Алайда, бұл мерекелік шарадан туған күн иесі бейхабар болған. Оған келіншегі мен балалары үлкен тосын сый жасаған.

"10 шақты досың күтіп отыр деп алып келгенбіз, есіктен кіргенде, алдынан шу етіп ағайындар мен достарымыз түгел қарсы алғанда, сасқанынан "дастарханды не істейміз" деп құлағыма сыбырлап жатыр. Қайдан білсін, Түркияда жүрсем де телефонмен бәрін реттеп қойғанымды. Мен Түркиядан, Нүрекең Астанадан ұшып келгенбіз ғой. Қайратымның өнердегі достары да барынша үлестерін қосып, қонақтарымыз қайтқылары келмей барынша көңіл-көтеріп, Аллаға шүкір ойымыздағыдай өтті. Әрбір шаңырақта той болсын", - деп жазды Айдарбекова.

Нұртас Айдарбековке жасалған тосын сыйлар мұнымен таусылып қалған жоқ. Қайрат Нұртас той барысында әкесіне деген махаббатын жеткізіп, оған қымбат көлікті тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936404-qairat-nurtas-akesinin-tugan-kunine-su-zana-kolik-syilady-video/

pixel