Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімге сыңсу айтқызам": Ұзату жайлы айтқан Ерке Есмахан елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ұзатуы жайлы сөз қозғап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі сыңсуды кімге айтқызатынын білмей әлек болды. Оның бұл ой-толғауы көпшілік арасында түрлі пікір тудырды. Оқырмандар әншінің өз ұзатуына дайындалып жатқанын болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан жанкүйерлерінің көмегіне жүгініп, Instagram парақшасында оларға сауал жолдады. Эстрада жұлдызы өз ұзатуында кімге сыңсу айтқызу керектігін сұрады.

"Ұзатылып жатсам, кімге "сыңсу" айтқызсам екен?!", - деп ойлап отырмын! Ал, жазыңыздар", - деп сұрады әртіс.

Алғашқылардың бірі болып, Еркені ұзатуға өнердегі әріптесі Серік Ибрагимов ниет білдірді. Ол сылқымды жоғары деңгейде ұзатып беретінін жеткізді.

"Маған айтқыз досым. Зор қылып айтып беремін. Шын сөзім", - деп ағынан жарылды әнші.

Ал өзге желі қолданушылары Еркенің бұл жазбасын бірден қызу талқылап тастады. Олардың басым көпшілігі өнер иесінің жақын арада шынымен ұзатылғалы жатқанын болжады.

Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызының сұрағына жауап беріп, өз нұсқаларын ұсынған жандар да болды. Оқырмандар Жазира Байырбекова, көпбалалы Қарақат Әбілдина секілді әншілерді таңдады. Ал кейбірі, Төреғали мен 91 тобын да ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936420-kimge-synsu-aitqyzam-uzatu-zaily-aitqan-erke-esmaxan-eldi-oilandyryp-qoidy/

pixel