Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова: Театрда жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдадым

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова студенттік шағында театрда жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдағанын айтты. Қайрат Нұртастың келіншегі әртістердің кез келген рөлге дайын болу керектігін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желсінде өзінің жастық шағын есіне алып, театр сахнасында сомдаған рөлдері туралы айтып берді. Өнер иесі түрлі образдарда болған. Ол тіпті бір қойылым барысында жеңіл жүрісті арудың кейпіне енген.

Бұл рөлді сомдау өзіне ыңғайсыздау болса да, ол өз міндетін сәтті атқарып шыққан. Актриса ұстаздарының жоғары бағасын алған.

"Студент кезімізде колледж жанынан құрылған театр режиссері, актер, қоғам қайраткері, ұстазымыз – Байтен Омаров атындағы монотеатрда қойылым қойып, тәжірибе жинақтай бастадық. Ең бір есімде қалғаны – танымал жазушы, драматург Дулат Исабектовтің «Алтын тордағы тоты» (Актриса) пьесасы. Таңдаған мамандығымның салмағын түсіндірген спектакль болды десем қателеспеймін. Бұл жолда перідей арбайтын атақ та, даңқ та, ақша мен періштедей шынайы ғашық ететін кіршіксіз өнер де бар екенін аңғартты.

Пьесадағы бас кейіпкер Айгүл бауырының ауыр жағдайда ауруханаға түскенін естісе де, залда күтіп отырған көрерменнің көзінше жадырап, жарқылдап ойнап шығу керек болды. Себебі ол актриса еді. Өмірінде орын алған келеңсіз жағдайларды сахнадағы образымен араластырмайтын. Жүрегінің түбіндегі жабырқау сезімді көрсетуге болмайтын. Тәртіп солай. Себебі ол – актриса.

Бұл қойылымды сахналау кезінде маған жеңіл жүрісті қыздың рөлін ұсынды. Бас тарта алмадым. Себебі мен де актриса едім. Өзі кішкентай болғанымен, сондай қиын роль болды. Ешқандай сөз жоқ. Бар болмысын ым-ишарамен ашып шығу керек болды. Сол кезде ұстазымыз: «Үлкен не кішкентай деген рөл болмайды. Театрда әр әртіс маңызды» деген. Сахнада қатты қобалжығанымыз рас. Себебі қойылымға Дулат ағаның өзі де көрермен ретінде қатысқан еді. Қойылым аяқталған соң «Ең шынайы, ең таза алып шыққан театр» деп жоғары бағасын беріп кеткен", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936497-zuldyz-abdikarimova-teatrda-zenil-zuristi-qyzdyn-rolin-somdadym/

pixel