RU

Ләйлә Сұлтанқызы: Біз өзімізден аяған қымбат пен әдеміні қайын жұртқа сыйлаймыз

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы соңғы уақытта әйелдер қауымының өздеріне көңіл бөлмей кеткеніне қынжылды. Ақпарат өкілінің сөзінше, қыз-келіншектер өздерін тек соңғы орынға қоятын болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде әйелдер психологиясы жайлы жазба жариялап, қазіргі қоғамда болып жатқан жайттарды атап өтті.

Тележүргізуші қазақ әйелдерінің баласы мен жолдасы, туысы мен қайын жұртының қамын ойлап қана өмір сүретініне өз наразылығын білдірді. Оның сөзінше, бұл - өзін құрметтемеудің айқын белгісі.

Ақпарат өкілі жазбасы арқылы өзін соңғы орынға қойып жүрген әйелдерге кеңес берді.

"Біз, әйелдер өзіміздің көп нәрсеге тәуелділігіміз туралы білсек те, білмеген сыңай танытып көз жұмамыз. Оны “қорқыныш” дейміз ба әлде “өзіңді бағаламау” дейміз ба білмеймін. Ылғи жағдайға ыңғайланамыз. Ортаға, сөзге, күйеуге, жағдайға, туысқа қатты алаңдап, өзімізді соңғы орынға қарай ысыра береміз. Балам жесін, күйеуім кисін, ал өзімізге келгенде “кейін”. Ол“кейіннің” кезегі қашан келетіні белгісіз.
Әдемі киімді өзімізден бұрын баламызға әпереміз, жайлы орынға күйеуімізді жайғастырамыз, әдемі мен дәмдінің барлығын қонаққа сақтаймыз, өзімізден аяған қымбат пен әдеміні қайынжұртқа сыйлаймыз. Сонда өз кезегіміз қашан келеді? Қашан өзіміз үшін өмір сүреміз? Сен өзіңді кейінге ысырсаң, уақыт өте айналаңдағыларда кейінге ысыратын болады. Сондықтан, өзіңіз үшін өмір сүруді дәл қазір бастаңыз, ештеңе аямаңыз дейді трансформациядан өткен Әсел. Осы оймен қосыласыздар ма? Мен қосылам толықтай", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936608-laila-sultanqyzy-biz-ozimizden-ayagan-qymbat-pen-ademini-qaiyn-zurtqa-syilaimyz/