Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзақ өмір сүрмейді деді": Жарқынай Ханайым анасы өзін қалай босанғанын айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым өз туған күнінде қалай дүниеге келгенін есіне алды. Өнер иесінің сөзінше, анасы оны өте ауыр босанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым жаңа жасын қарсы алып, жанкүйерлеріне барынша ашылған. Әнші ару Instagram парақшасында анасы өзін қалай босанғаны туралы жан сырын ақтарды.

Белгілі болғандай, өнер иесі күрделі отаның көмегімен дүниеге келген. Жарқынай өмір есігін сәтті ашқанымен, дәрігерлер анасының ұзақ өмір сүрмейтінін айтыпты.

Алайда, ақ халаттылар операция арқылы анасын да аман алып қалып, оның енді тағы да бала босану бақытын сезіне алмайтынын айтқан.

"Анамды ана болған күнімен құттықтайтын күн. Рахмет аман-есен жанымда жүргеніңіз үшін. Мамам мені өте үлкен ота жасалу арқылы дүниеге алып келді.

Мен туғаннан кейін анама “ұзақ өмір сүрмейді”, “ана өмірге аттардыруға дайындала берсеңіздер болады”,- деген суық хабар келеді. Барлығы дайындала бастайды. Қайта ота жасау арқылы аман алып қалады. Бірақ енді басқа ана болу бақытын сезіне алмайсыз деп дәрігерлер өздерінің соңғы диагнозын қояды.

Содан анам үйге келіп есін жиып, әкеме сенің ұрпағыңды көбейте алмаймын, мен кетейін сен үйлен дейді. Әкем егер Алланың жазғаны осы болса мен көндім, сені жібермеймін деп шешіп айтады. Содан 30 жыл бірге өмірдің барлық қиындықтарына бірге төзіп өмір сүріп келе жатыр.

Екеуі әлі күнге дейін енді үйленген жас жұбайларша қалжыңдасып, еркелейді. Менің болашағым үшін барын салды. Басты мақсаттары мені аяққа тұрғызу, жоғары білім беру болды. Аллаға Шүкір бәрін өте жоғары деңгейде орындады.

Өте қарапайым, орта білімді кісілер барынша білімді, көзім ашық болғанымды қалады. Ақшаға жақын болмауды, бәріне өз күшіммен жетуді үйретті.

Қазірге дейін тәрбиеме кір келтірген емеспін Шүкір. Осындай болмысым, осындай әке-шешем үшін, өз еңбегіммен кележатқан адал өмірім үшін Аллаға Шүкір. Ештеңеге өкінбеймін. Барлығы үшін Шүкіршілік етемін", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936645-uzaq-omir-surmeidi-dedi-zarqynai-xanaiym-anasy-ozin-qalai-bosanganyn-aitty/

pixel