Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл бір тылсым дүние": Тамара Асар қызының есімін қалай қойғанын айтты

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Кадр: "Қазақстан" телеарнасы/"Таңшолпан"

Күні кеше қызы Ажарды қырқынан шығарып, дос-жарандарына той жасап берген Тамара Асар "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбат беріп, осы уақытқа дейін жүктілігін қалай жасырғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұқбат барысында Тамара Асар сәбиінің есімін неліктен Ажар деп қойғанын және бұл есімді кім қойғанын айтып берді.

"Жолдасым екеуіміз ақылдасып қойдық. Себебі, адамның бұл дүниеде ішкі де, сыртқы ажары бір біріне сай болуы керек. Айқын, ашық болуы керек деп ақылдасып Ажар деп қойдық.

Ең қызығы, марқұм енем, жолдасымның анасы өзінің жалғыз қызы Әселдің есімін Ажар қойғысы келген екен. Оны біз білмедік. Ажардың аты қойылғаннан кейін Әсел хабарласып: "Кім қойды менің атым ғой бұл, менің есімімді анам Ажар деп қойғысы келген" деді.

Ойламаған жерден, құдайдың бұйырыуымен осылай болды. Тылсым дүниеден хабар береді. Өзімізге ұнайды", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Тамара Асар осы уақытқа дейін жүктілігін елден қалай жасырып келгеніне де тоқталды. Мәселен, босанар алдында ол тіпті сахнаға шығып, ән шырқаған екен.

Соған қарамастан оның жүкті екенін дүйім көпшілік мүлдем білмеген.

"Өзімнен өзім қорықтым. Біз шығармашылықтың, эмоцияның адамымыз. Қатты толқып, өзіме, нәрестеге зақым келтіріп алам деп қатты қорғандым. Жас ерекшелігіме байланысты өзіме өзім үлкен талап қойдым. Талапшыл адаммын ғой. Сосын қазақылығым да басым. Ұялдым.

Тұрмысқа шыққанымды да елге жарияламаған соң, қалай болар екен деп те ойладым. Карантиннің кезі болды. Анам да бірінші өздерің көріп алыңдар, кейін айта жатарсың деп кеңес берді. Бірақ қалай жасырасың?!

Алладан жасыра алмағанды адамнан жасыра алмайсың. Уақыты келгенде сандықтың кілтінің аузын ащып, халыққа хабарлай бастадық", - деді ол.

Еске салсақ, өткен демалыс күндері Тамара Асар қызын қырқынан шығарып, тойбастарға күміс алқа таратқан.

Аталған рәсімді өнер иесі толығымен қазақы нақышты өткізіп, ұлттық салт-дәстүріді ұлықтай түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936651-bul-bir-tylsym-dunie-tamara-asar-qyzynyn-esimin-qalai-qoiganyn-aitty/

pixel