RU

Досхан Жолжақсынов қызының мерейтойына жасаған тосынсыйын көріп, көзіне жас алды (видео)

Деми
Ділдә Досханқызы. Кадр: instagram.com/karagozsuleimenova/

Жуырда 70 жасқа толып, дүркіретіп той жасаған Досхан Жолжақсыновтың қызы әкесіне тосынсый жасады. Мәскеуден арнайы ұшып келген бойжеткен мерекелік кеште әкесіне ән арнап, өнерімен елді таңырқатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ділдә Досханқызы тойда әкесіне арнайы ән арнаған. Досханның жұбайы Қарагөз Сүлейменованың айтуынша, әннің сөзін Ділдәнің өзі жазған. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде жазып, қызының ән айтып тұрған видеосын бөлісті.

"Қызымыз Ділдәнің әкесіне тосын сыйы. Өмірде баладан асқан қандай бақыт бар?!

Қызымыз Ділдәміз Досекеңе арнап осындай тосын сыйын арнады. Әннің сөзін өзі жазып, балалық махаббатын білдірді.

Сондай жантебіренерлік көрініс. Қызымыз Мәскеуден ұшып келіп, ең бақытты сәтімізді әкесіне арнау әнімен тіпті нұрландырды.

Жаным, қызың біз сенімен мақтанамыз! Өнерің өрлей берсін. Алла әрқашан жолыңды ашық қылсын", - деп жазды ол.

Видеоны көрген оқырмандар бойжеткен дауысына тамсанып, ізгі тілектерін білдірді.

"Қызыңыз керемет дарын иесі екен!", "Не деген дауыс! Биіктен көріне берсін!", "Дауысы қаншама әншілерді жолда қалдырады екен", - деп жазды оқырмандары.

Еске салсақ, өткен демалыс күндері Досхан Жолжақсынов 70 жасқа толуына байланысты ұлан-асыр той жасап, елдің игі жақсыларын қонақ еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936856-dosxan-zolzaqsynov-qyzynyn-mereitoiyna-zasagan-tosynsyiyn-korip-kozine-zas-aldy-video/