"Өмірімнің мәніне айналған жүрегім": Төреғалидің жары оған аса әсерлі жазба арнады
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары желіде оны туған күнімен ерекше құттықтап, өз ақ тілегін жолдады. Толқын Тұрарбекқызы ел алдында жолдасына деген махаббатын жеткізіп, оның бойында бағалайтын қасиеттерді атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Толқын Тұрарбекқызы Instagram парақшасында отағасына аса әсерлі жазба арнаған. Онда әншінің келіншегі оған деген сезімін білдіріп, өз жан сырын ақтарған.
"Бұл күн біздің отбасы тарихымызда елеулі күн. Осыдан 7 жыл бұрын дәл осы күні Төрем мені жетектеп анаммен таныстырған күн. Барым - бағымның бастауы мен өмірімнің мәніне айналған жүрегім! Кең жүрегіңізге күллі әлем сыйып кетердей, жомарттыңызға ғашықпын, иісі қазақ деп соққан жүрегіңізбен мақтанамын, айтылған әр сөзіңіздің астарында үлкен мәні бар өнеріңізді бағалаймын, талайды тәнті еткен дауысыңызды ести бергісі келетін сіздің ең үлкен фанатыңыз мен шығармын.
Ақылшым, парасаттылығыңызға деген пайымым тым бөлек, сіз өзіңіз жеке әлемсіз! Сол әлеміңіздің тілін түсініп, ымына ұғынып, сіздің алдыңыздағы қызметімді адал атқарып өтсем деген ниетім! Алладан тілегенім ұзақ ғұмыр, халқыңыз еркелеткен, жігіттің Төресі боп, береріңіз таусылмай жүре беріңіз! Туған күніңіз құтты болсын", - деп жазды Төреғалидің жары.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі туған күнін отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде атап өтуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937236-omirimnin-manine-ainalgan-zuregim-toregalidin-zary-ogan-asa-aserli-zazba-arnady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.