Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуіме екінші әйелді өзім тауып бердім": Майра Ілиясова отбасына қатысты шындықты жария етті

Опубликовано:

Майра Ілиясова
Майра Ілиясова. Фото: Hit TV/Menin omirim

Майра Ілиясова өзінің жеке өміріне қатысты бірқатар жайттардың басын ашты. Hit Tv арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сұқбат берген өнер иесі балалығы, отбасы, өнерге деген сүйіспеншілігі және күйеуінің екінші жұбайы туралы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова жастайынан өнерге құмар болғанын айтады. Мектеп кезінен сахнадан түспеген ол өнерді жеке өмірінен де биік қоятынын айтады. Өнер үшін ол тіптен жарына тоқал алып беруге де келіскен. Өміріндегі бұл айрықша оқиғаны ол былай баяндап берді.

“Бірінші курс оқып жүргенде жолдасыммен таныстым. Екеуміз ерте үйлендік. Ол қызыма, отбасыма қарайтын. Мен болсам, үнемі гастрольдік сапармен жүретінмін. Айлап, қырық күндеп гастрольде жүретінмін", - дейді әнші.

Майра Ілиясованың айтуынша, жолдасы оның өнеріне шек келтіріп, тыйым салмаған екен. Екеуінің ортақ Тоғжан есімді қызы бар. Десе де, уақыт өте келе, жолдасы ұл баланы аңсайтын болған. Сондықтан, Майра Ілиясова өзінің үйде отырмайтынын, өнерді тастай алмайтынын ескеріп, оған өзі басқа әйел іздей бастапты.

"Оған екінші әйел ал дедім. Ұл бала туып берсін дедім. Мен бөлек отбасы болып отырамын дедім. Мен өзім рұқсат еттім”, – дейді әнші. 

Әнші сіңлісінің құрбыларын сұрастырып жүріп, бірін жолдасымен таныстырған екен.

"Әпкемнің қызына 30-дан асқан құрбыларың болса айт дедім. Ол екі қызды айтты. Соның бірін таныстырды. Бірақ жолдасым мен тапқанымды білген жоқ. Мен де айтпадым. Майгүл есімді қызбен танысты", - деп бөлісті әнші.

Ілиясова күйеуінің отбасымен аралас-құралас екенін де жасырмады.

"Қазір ұлы 10 жастан асты. Барып тұрамыз. Олар бізге келеді. Майгүл маған келін секілді. Қызыма да бәрін түсіндіріп айттым. Ол психологиялық жарақат алған жоқ. Махаббат мәңгі емес. Не себепті өліп-өшіп үйленгендер кейін бәрін тастап ажыраса береді?! Себебі, махаббат жоғалады. Туысқа айналып кетесің. Басқа ешнәрсе қалмайды. Менде де сондай болды", – дейді өнер қайраткері.

Әнші өзіне бірқатар азаматтар сөз салғанымен, екінші мәрте тұрмыс құрғысы келмегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937439-kuieuime-zas-toqal-alyp-berdim-maira-iliyasova-otbasyna-qatysty-syndyqty-zariya-etti/

pixel