"Адамды шын сүйсең, жібергің келмейді": Сәдуақасова жауапсыз махаббат туралы сөз қозғады
Жарияланған күні:
Эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова жауапсыз махаббат туралы ән шығарды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Әтір" деп аталатын жаңа әнін елге ұсынған Мәдина Сәдуақасова әннің мағынасын желіде өзі түсіндіріп берді. Айтуынша, жаңа композиция жауапсыз махаббат жөнінде.
"Адамды шын сүйіп қалсаң оны жібергің келмейді , жанында өткізген әр сағатың секунд сияқты зымырайды… "Бәрі бекер , махаббатың жауапсыз" дегенді құлақ та естімейді, көз де көрмейді. Ал жүрек болса, мойындамайды, тіпті, соңғы қоштасу кездесуден де бір үміттеніп тұрады.
"Әтір" әні сол үміттің жаңғырығы", -деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937510-adamdy-syn-suisen-zibergin-kelmeidi-saduaqasova-zauapsyz-maxabbat-turaly-soz-qozgady/