Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркімнің жанұяға көзқарасы әртүрлі": Аша Матайдың жеңгесі жеке өміріндегі өзгерісі туралы айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі жеке өміріндегі өзгерістерін сөз етіп, ішіндегі жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым өзінің Instagram парақшасында бөліскен жазбасын алғыс айтумен бастады. Ол өзінің өнер жолында танылуына елеулі септігін тигізген қос продюсеріне деген шексіз ризашылығын білдіріпті. Әншінің сөзінше, Баян Алагөзова мен Бағым Мақсатқызы оның аңсаған арманын орындаған.

"Баян Мақсатқызы және Бағым Мақсатқыздарына "Рауза" телесериалындағы керемет образ үшін, керемет әндер үшін, өте зор танымалдылық үшін үлкен рахметімді айтамын. Мені қазақ еліне танытқаны үшін, қарапайым шет елден келген қыздың қашанда үлкен сахнада ән айтқысы келген арманын орындағаны үшін үлкен рахмет. Тек қана мен емес, көп қыздың арманын орындады. Бұл істе өздеріне тең келер шебер жоқ, ел мойындаған нөмір бірінші продюсерлермен жұмыс жасау бұйырғанына Аллаға және себепші кісілердің өзіне үлкен алғысымды айтамын", - деп жазды ол.

Сөз соңында актриса жеке өмірінде болып жатқан өзгерістерге де тоқталып өтті. Ол әркімнің жанұяға деген көзқарасы әртүрлі болатынын алға тартты.

Өнер иесі орын алған жағдайға қатысты ешкімге реніші жоқ екенін жеткізді.

"Жеке өмірімде болып жатқан өзгерістерге ешкім кінәлі емес. Продюсердің міндеті - ұсыну, таңдау - әрқашан да әртістің еркінде. Әркімнің өнерге және жанұяға қөзқарасы әртүрлі. Контракттіде отырған актрисаға да түсінікпен қарадым және осы жағдайды жіберейік.
Айланам үшін барлығын ұмытып, қуана өмірімді сүремін. Ешкімге ренішім жоқ. Ренжіткен жандардан кешірім сұраймын. Махаббат болды. Кез келген ғашық әйел түсінетін сезім деп ойлаймын.
Енді әнші емес, ана, блогер, бизнесмен Жарқынайды жиі көретін боласыздар. Мен өзгерістерге дайынмын", - деп ағынан жарылды Жарқынай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937541-arkimnin-zanuyaga-kozqarasy-arturli-asa-mataidyn-zengesi-zeke-omirindegi-ozgerisi-turaly-aitty/

pixel