RU

"Микрофон қалтада": Нұрболат Абдуллин сахнада бидің түбін түсірді (видео)

Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/nurbullin

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин карантин жеңілдеп, концерттерге рұқсат берілген бойда тыңдармандарымен қауышты. Өнер иесі Шымкент қаласында ән кешін беріп, өнер көрсетті. Әртіс көпшілікті әндерімен ғана емес, биімен де тәнті еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин Шымкент шаһарында берген концертінің үзінділерін өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбада әншінің жанкүйерлерінің ортасында ән салып жатқанын көруге болады.

Сүйікті жұлдызын сағынып қалған көпшілік оны сахна маңында қоршап алған.

Эстрада жұлдызы өзінің өнер көрсетуіне орай арнайы келген халықты барынша қуантуға тырысқан. Ол әндерін де шырқап, би де билеген. Видеолардың бірінде әртістің микрофонды қалтасына салып, бидің түбін түсіргенін көруге болады.

Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаны бірден қызу талқыға салды. Көпшілік әншінің беріле өнер көрсетуіне тәнті болып, оның концертіне барғысы келетінін жарыса жазған.

"Концертке барғым келіп кетті ғой, шіркін", "Қыздардың мойыны үзіліп кетейін деп тұр", "Шайқас би", "Не деген энергетика!", "Мен де концертіңізде болғым келеді", "Сондай ерекшесіз. Басқалар секілді бір орында тұрып ән салмайсыз. Үнемі қимылдасыз", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937569-mikrofon-qaltada-nurbolat-abdullin-saxnada-bidin-tubin-tusirdi-video/