Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін енесіне ұқсап тұр": Тәуекел Мүсілімнің отбасылық суреті елді тәнті етті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім анасы мен жарымен
Фото: Instagram/mussilim

Қазақстандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім желіде ерекше отбасылық суретін бөлісіп, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік актердің анасы мен жарын бір-біріне қатты ұқсатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім өткен демалысын отбасымен бірге табиғат аясында өткізген. Анасы және әйелімен тауға шыққан актер жанұясындағы ерекше сәтін Instagram парақшасында бөліскен.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірген.

Оған қоса, оқырмандар өнер иесінің анасы мен келіншегі өзара қатты ұқсайтынын жарыса жазды.

"Махаббат пен анаңыз ұқсайды", "Келін енесіне ұқсап тұр ғой", "Келіншегіңіз анаңызға ұқсайды екен", "Үлгілі отбасы, машаАлла", "Отбасылық бақыт тілеймің, менің де байқағаным екі әдемілердің ұқсастығы", "Керемет үлгі тұтар жанұя. Ризамын сіздерге", "Тіл көзден сақтасын. Тым жақсы жанұясыздар, бақыттарыңыз еселене берсін", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937602-kelin-enesine-uqsap-tur-tauekel-musilimnin-otbasylyq-sureti-eldi-tanti-etti/

pixel