Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұп ажырасып кетті

Опубликовано:

Арыстан Мырзагереев әйелімен
Фото: Instagram/arstan_myrzagereyev_showman

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Арыстан Мырзагереев пен Әйгерім Үзембаева ресми түрде ажырасып кетті. Бұл ақпаратты әртістің өзі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдызды жұптың айырылысып кеткені жайлы қауесеттер біраз уақыттан бері желіде талқыланып келген. Көпшіліктің мұндай болжамына ерлі-зайыптылардың бірге ел алдында көрінбей кеткені мен Instagram-да бір-бірін өшіріп тастағаны себеп болса керек.

Халықтың бұл күдігін Арыстан Мырзагереев толығымен растады. Ол жары Әйгеріммен бір жыл бұрын ажырасып кеткенін мәлімдеп, жеке өміріне қатысты тың жаңалығын "Paparazzi" бағдарламасында бөлісті.

"Мерекелік шараларды жарыммен бірге жүргізу міндетті емес. Жүргізушілер жетіп артылады. Иә, біз ажырасып кеттік. Бір жыл болды. Енді ол туралы сұрамай-ақ қойыңыздар. Жеке өмір жеке болып қалсын", - деді Арыстан Мырзагереев.

Сонымен қатар, Мырзагереев алдағы уақытта актерлік мансабын қолға алуға ниетті екенін айтып қалды. Өнер иесі жақсы рөлдер ұсынылса, киноға қайта оралуға қарсы емес екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937623-bir-zyl-boldy-akter-arystan-myrzagereev-aielimen-azyrasyp-ketkenin-rastady/

pixel