Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі жыршы Димашқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беруді ұсынды

Опубликовано:

Берік Жүсіпов
Берік Жүсіпов. Фото: madeniportal.kz

Фольклортанушы, этномузыкатанушы, әнші, күйші, эпик жыршы Берік Жүсіпов белгілі әнші Димаш Құдайбергенге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру керек" деп санайды. Бұл туралы Жүсіпов өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Қазақстанға сіңірген ерекше жетістігі үшін берілетін "Қазақстанның Еңбек Ері" деген атақ бар. Осы алтын жұлдыз Димаш Құдайбергеннің кеудесінде жарқырау керек. Иә, оны "әлі жас қой" дейтіндер де табылады. Жоқ, кешіріңіз, Димаш жас емес, тіпті жас болып та көрген емес.

Керісінше, өнер арқылы қазақты дүние жүзіне танытудың жолын тапқан және сондай миссия бұйырған, жер жүзінің тыңдармандарына таңдай қақтырып, үніне тамсандырған теңдесі жоқ құбылысты дер кезінде бағалай алмай отырған біздің әрекетіміз - қылмыспен пара-пар.

Кеңес Одағы қалыптастырған сана стереотиптерін күл-парша ететін уақыт жетті. Шын мәнінде бұл атаққа Димаш зәру емес, қайта әлгінің дәрежесін көтере түсу үшін Димаш сол атағыңа керегіп тұр.

Қазір әлемнің қай түкпірінде болсын Димаштың есімі қазақ деген сөздің синонимі әрі символы ретінде қабылданады. Бұл дегенің ғажап қой, біз секілді аз ұлтқа одан артық не керек, сіз қалай ойлайсыз, отандас?", - деп жазды Берік Жүсіпов.

Жазбаны көрген желі қолданушылары да жыршының сөзін қостап, мұның өте орынды ұсыныс екенін жазуда.

"Келісемін! Істеген тірлігі жүз батырға жетеді", "Ел намысын асқақтатқан Димашқа ең лайықты марапат!", "Димаш бәріне лайықты жан! Ең бастысы аман болсын!", "Қолдаймыз! Бұл атаққа қоса "Қазақстанның халық әртісі" атағын да беру керек! Қандай дәрежеге де лайық", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937677-osy-altyn-zuldyz-keudesinde-zarqyrau-kerek-belgili-zyrsy-dimasqa-qazaqstannyn-enbek-eri-atagyn-berudi-usyndy/

pixel