Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ит бар жерде періште жүрмейді": Айсәуле Бақытбек өзін сынға алған оқырманына шүйлікті

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде өзіне жағымсыз пікір айтып, сынға алған оқырманына жауап берді. Ол біреудің сөзіне бола отбасы мүшелерінен бас тартпайтынын кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек итіне қатысты пікір жазған желі қолданушысына ашуланды. Оқырман блогер аруға үй ішінде ит асырауға болмайтынын жазып түсіндіруге тырысқан. Оның сөзінше, ит бар жерде періште жүрмейді екен.

"Үй ішінде ит асырауға болмайды. Періштелер кірмейді. Мұсылмандар ит асырамайды үйде”, – деп сын айтты ол.

Бұл сөздерге шүйліккен Айсәуле көп кідірмей, оған жауап берген. Белгілі продюсердің қызы әлдекімнің пікіріне бола, отбасы мүшелерінен бас тартуға ниетті емес екенін жеткізді.

"Бір білімсіз біреу маған айтты екен деп мен отбасы мүшемнен айырылуым керек пе? Оны қуып  жіберуім керек пе? Ит ұнамаса асырамаңыздар. Мен сіздерді қинап жатқан жоқпын. Менің сіздердің үйлеріңізде не болып жатқаны қызықтырмайды.
Ал сіздердің менің үйімде, итімде, үйімнің ішіндегі періштелерде, үйдің тазалығында, баламда, менің дінімде не шаруаларыңыз бар? Мұсылмандарға ит асырауға болмайды, бірақ біреудің ісіне араласуға бола ма сонда? Сіздердің бастарыңыз дұрыс жұмыс істей ме өзі?", - деп ашуға булықты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937746-it-bar-zerde-periste-zurmeidi-aisaule-baqytbek-ozin-syngan-algan-oqyrmanyna-suilikti/