Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем алып кететіндей көрініп тұрады": Азамат Сатыбалды анасы туралы айтты

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды анасымен
Фото: Instagram/azamatc

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесін есіне алып, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды. Өнер иесі ата-ананың қадірі туралы сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды ата-анасы туралы жазбамен Instagram парақшасында бөліскен. Киножұлдыз әкесі қайтыс болғаннан кейін, өзінің бар уақытын анасына арнап жүргенін алға тартты. Ол анасы үшін қатта алаңдайтынын айтты.

Актер марқұм әкесі анасын алып кетеді деп қорқатынын жеткізді.

"Әкем дүниеден өткеннен кейін, анаммен өткізген әрбір сәтті бағалаймын. Анамның таңертең әдемі жымиып, маңдайымнан сүйіп, "айналайын" деген бір ауыз сөзі мен үшін баға жетпес бақыт.
Анамның әкемді сағынып жүргенін іштей сеземін. Сол сағынышын сәл болса да, басу үшін құшақтап, сүйе беремін. Қалай аяласам да, әкемнің "Әй, кемпір жүр, шәй ішейік" деген бір ауыз сөзіне жетпейтінін тағы білемін. Бұл, енді, заңдылық.
Қазір анамды қызғанатынды шығардым. Бәрінен қызғанамын. Ешкімге бергім келмейді, тіпті әкеме де. Өйткені, әкем алып кететіндей көрініп тұрады.
Әкемнен іштей анамды шақырмашы деп сұраймын. Әкемді де жақсы түсінемін. Сағынып жатқан шығар. Бірақ менің әкем ақ көңіл, өте кең адам болған. Анамның балаларының ортасында ойнапкүліп жүргеніне қуанбаса, қарсы болмайды. Осының бәрі Алланың құзырында екенін жақсы білемін", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937782-akem-alyp-ketetindei-korinip-turady-azamat-satybaldy-anasy-turaly-aitty/

pixel