Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім мені сағыныпты": Жорабаеваның жолдасы оған деген сезімін білдірді

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева күйеуімен
Фото: Instagram/alisher.e.001

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева екінші некесінде бақытты екенін айтты. Өнер иесінің жолдасы елдің көзінше оған деген махаббатын жеткізіп, әйелін тәнті етті. Шоу-бизнес жұлдызының сөзінше, бүгінде шетелде жүрген отағасы оны қатты сағынып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаеваның оқырмандары ерлі-зайыптылардың бүгінде екі елде жүргенін байқап қойды. Өнер иесінің өзі елордада болса, жолдасы қазіргі уақытта Түркия елінде екен.

Жарынан алыста жүрген Әлішер Instagram парақшасында келіншегімен түскен суреттерін жүктеп, оған деген сезімін білдірген.

Эстрада жұлдызы да көп күттірмей отағасына деген махаббатын жеткізген.

"Мен де сені қатты жақсы көремін. Мәңгілікке", - деп жазған көпбалалы әнші.

Жорабаева Instagram парақшасында күйеуі өзін қатты сағынып жүргенін де айтып қалды.

"Күйеуім мені қатты сағыныпты. Екі күн қатарынан менің суреттерімді салып отыр", - деді ол.

Айта кетейік, бұл - Жорабаеваның екінші некесі. Өнер иесі сүйіктісіне 2020 жылы тұрмысқа шықты. Әншінің төрт қызы өгей әкесін жылы қарсы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937842-kuieuim-meni-sagynypty-zorabaevanyn-zoldasy-ogan-degen-sezimin-bildirdi/

pixel