Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт жыл біргеміз": Дидар Кәденнің бұрынғы әйелі жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Айым Алтынбекова
Фото: Instagram/aeka.posh

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәденнің бұрынғы жары Айым Алтынбекова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Бет әрлеумен айналысатын ару сүйіктісінің бар екенін растады. Ол ер азаматымен 4 жылдан бері кездесіп жүргенін айтты. Некесі сәтсіз аяқталған сылқым енді қарым-қатынасы жайлы елге жар салғысы келмейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айым Алтынбекова жеке өміріне қатысты бар шындықты өзінің Instagram парақшасында айтты. Визажист желі қолданушыларына алғаш рет ғашығы туралы тың мәліметтерді бөлісті.

"Мен 18 жасымда тұрмыс құрдым. Ол кезде жас едім. Өткен өмірім үшін еш өкінбеймін. Ол маған айтарлықтай тәжірибе болды. Некеден қалған ең жақсы сый – ол Дияр. Егер менде дәл осы тәжірибе болмаса, мен қазіргідей күйге жетпес едім. Жобаларым болмас еді, бизнеске араласпас едім. Айым Алтынбекова болмас едім", – деді ол. 

Айымның айтуынша, жеке өмірінде де бәрі тұрақталған. Ол 4 жыл бойы сүйіктісімен кездесіп жүргенін жеткізді.

"4 жылдан бері бір жігітпен кездесіп жүрмін. Ол өте мықты жігіт. Ол да мені сүйеді. Мен де оны сүйемін. Бақыт тыныштықты қалайды. Оны елге көрсетіп, суретін жария еткім келмейді. Қалада бірге жүргенімізді көріп те қалатын шығарсыздар. Ол мені еркелетеді, аялайды. Оның қасында өзімді жақсы сезінемін", – дейді Алтынбекова. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937947-tort-zyl-birgemiz-didar-kadennin-buryngy-aieli-zeke-omirine-qatysty-bar-syndyqty-aitty/