RU

"Атын естігенде таңғалдым": Тәуекел Мүсілім келіншегі туралы көпшілікке ағынан жарылды

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mussilim

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім жары Махаббатпен таныстығы мен оның ерекше мінезі туралы айтып берді. Өнер иесі болашақ жұбайының есімін алғаш естіген кезде қатты таңғалып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Актер келіншегімен қай жерде танысқанын айтып, оның бойындағы ерекше қасиеттерді атады.

"Біз Махаббат екеуміз түсірілім алаңында таныстық. Оның атын және туған жерін естігенде қатты таңғалдым. Батылдық – Махаббаттың екінші есімі, жұбайымды алғаш рет атқа отыруға және шаңғы тебуге үйреткенде осыны байқадым. 
Бірақ, сонымен қатар, Махаббат жануарларға келгенде өте сезімтал. Бір жолы серуен кезінде бұталардың арасынан шыға алмай тұрған мысықты көрдік. Махаббат жылап қалды", - деді өнер иесі.

Сонымен қатар, қос ғашықтың кездесулері көбіне тауда өткені белгілі болды. Себебі, екеуі де таза ауада серуендегенді жақсы көретін болып шықты.

Ерлі-зайыптылар карантин салдарынан тойларын үш мәрте шегеруге мәжбүр болған. Бүгінде балалы болған жұбайлар болашақта бәрібір де үйлену тойын өткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937948-atyn-estigende-tangaldym-tauekel-musilim-kelinsegi-turaly-kopsilikke-agynan-zaryldy/