Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әміренің бейтаныс арумен түскен суреті желіде қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Әміре мен бейтаныс ару
Фото: Instagram/amre_official

"Маска" шоуында бүркіттің образымен қалың көпшілікке танылған әнші Әміре тыңдарман қыздарды алаңдатып қойды. Өнер иесі желіде бейтаныс арумен түскен суретін жариялап, қызу талқы тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әміре бұл фотоны өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Суретте әншінің белгісіз арудың қолынан ұстап тұрғанын көруге болады. Оған қоса, "бүркіт" тым әсерлі жазба қалдырған.

"Сенің жүзіңнен жаным көзімді алмаймын. Мен саған лайықтымын ба деп ойлаймын", - деп жазып қойған ол.

Желі қолданушылары бірден оны қызу талқылап, өнер иесінің қасындағы қызды сүйіктісі деп болжады. Ал кейбір оқырмандар бұл жай ғана бейнебаян түсірілімі кезіндегі кадр деп топшылады.

"Қыздар тарай беріңдер. Ол енді бос емес", "Жұптың иісі шығады", "Жарасып тұрсыздар", "Бақытты болыңыздар", "Керемет жұпсыңдар", "Қасыңдағы ару кім?", "Өте әдемісіздер", "Бұл бар болғаны клиптің түсірілімінен ғой", "Бейнебаян түсіріп жатыр. Сондағы актриса қыз ғой", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937953-ansi-amirenin-beitanys-arumen-tusken-sureti-zelide-qyzu-talqyga-qaldy/

pixel