RU

"Көз тоймайды": Гүлназ Жоланованың Грузиядағы демалысы қалай өтіп жатыр (фото, видео)

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова да әріптестерінен қалыспай, шетелге шығуды ұйғарған. Өнер иесі бүгінде Грузияның Тбилиси қаласында демалып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жоланова шетелге аттанып, желіде анағұрлым белсенділік танытып жүр. Әдетте, парақшасын көп жаңартпайтын актриса енді тоқтаусыз фотоларын бөлісіп жатыр.

Өнер иесі Грузиядағы демалысы қалай өтіп жатқанын оқырмандарына көрсетті. Ол өзі барып көрген әдемі жерлерден алған әсерлері мен пайдалы ақпаратты желі қолданушыларына жеткізуде.

Актриса Грузияның ерекше табиғатына аса тәнті болғанын алға тартты.

Жоланова Тбилисидің барлық тарихи жерлерін аралап шыққан.

Желі қолданушылары шетелде жүрген отандық жұлдыз үшін алаңдаушылық танытып, оған елге аман-есен оралуын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937974-koz-toimaidy-gulnaz-zolanovanyn-gruziyadagy-demalysy-qalai-otude-foto-video/