Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертең не боларын ешкім білмейді": Дина Төлепберген неден қорқатынын айтты

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген өзінің жұмысына қатысты қорқынышы туралы айтты. Ақпарат өкілі халыққа ақиқатты айтудан қорықпайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Дина Төлепберген үшін уайымдап, оның қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген. Тележүргізуші оқырмандарын сабырға шақырып, оларға қатты алаңдаудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.

Қоғамда қызу талқыланатын тақырыптарды көтеретін журналист адал еңбек істеп жүргенін айтып, ештеңеден қорықпайтынын жеткізді. Алайда, ақпарат өкілі бәрібір де жұмысына қатысты бір қорқынышы бар екенін жасырмады.

"Осы сіз қорықпайсыз ба?" деп осы күндері көп адам маған жазып жатыр. Рахмет. Халық айтса, қалып айтпайды ғой. Мен экзистенциалистпін.
Осы күн, осы мезет маңызды маған. Өйткені ертең не боларын ешкім білмейді. Тіпті, түкірігіңе тұншығып, тыныстауың тоқтауы мүмкін. Сондықтан мен тек бүгін бастаған істі бітірмей қалудан ғана қорқамын. Ал ақиқатты айтып, айнаға да, обьективке де адал қарап, өз-өзіңнен ұялмай өмір сүруге не жетсін, айтыңызшы", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937980-erten-ne-bolaryn-eskim-bilmeidi-dina-tolepbergen-neden-qorqatynyn-aitty/

pixel