Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хабар» туған күніне орай тележурналистер туралы фильм көрсетеді

Опубликовано:

KazNews
Фото: Хабар

«Хабар» Агенттігі биыл өзінің 26-шы туған күнін атап өтуде. Мереке аясында 23 және 24 қазан күндері «Хабар» арнасында телевизиялық журналистика туралы алғашқы «KazNews» телехикаясы көрерменге жол тартады. Жаңа жоба көрермендерге телевизиялық өмірдің ішкі атмосферасына бөленуге мүмкіндік сыйлайды.

Телетуынды идеясының авторы – танымал телерадио жүргізушісі Санди Сұлтан. Ол жаңа форматтағы телехикая жайлы баяндап берді.

- Санди, «KazNews» сериалын түсіру идеясы қалай пайда болды?

- Менің БАҚ саласында жұмыс істеп жүргеніме жиырма жыл болды. Қаншама уақытты артқа тастаған соң, маңыздылығы жоғары журналистік қызметтің орасан күш, қуат, білім, еңбексүйгіштікті талап ететінін түсінесің. Көптеген жас қыздар мен жігіттер теледидарда жұмыс істеу үшін сыртқы келбет пен жақсы дикцияның болғаны жеткілікті деп ойлайды. Тележурналист болу үшін сөздік қорды жетілдіру, үздіксіз білім алу, елде және әлемде болып жатқан оқиғалар жайында хабардар болған жөн. Біздің жұмысымыздың қыр-сырмен көрермендермен бөлісіп, өмірлерінің үлкен бөлігін ақпарат саласын дамытуға арнаған әріптестеріме ұсынғым келді.

- Телехикаяның аудиториясы кімдер? Қарапайым көрермен үшін «KazNews» қаншалықты қызықты болмақ?

- Қазіргі уақытта жастардың көбі танымал болуды армандайды. Қойылған мақсатқа жетудің бірден-бір жолы – телевизия саласын таңдау. Бұл саладағы жұмыс ғажайып болып көрінуі мүмкін: камера, студия, түсірілім процесінің атмосферасы және шығармашылық қарбалас. «KazNews» сериалының негізгі аудиториясы - теледидарда жұмыс істегісі келетін жас қыздар мен жігіттер, сонымен қоса теледидардың ішкі қызметінің ұйымдастырылуына қызығушылық танытатын адамдар. Мен көрермендерге телехикая ұнайды деген үміттемін. Жобаны қарағаннан кейін жастардың телевизия саласында жұмыс істеуге деген қызығушылықтары одан әрі артады деп сенемін.

- Телехикаяның сюжеті туралы және басты рөлдерде ойнаған актерлер туралы бөліссеңіз?

- Телехикая экстремалды жағдайда түсірілді. Түсірілімді 3 аптада аяқтадық. Басты рөлдерді Айгүл Мүкей, Арай Әлімхан және Карина Карпаева ойнады. Сондай-ақ, актерлік құрам арасында Серік Ақышев, Асқар Әшімов те бар. «KazNews» телехикаясының түсірілімі эпизодына «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин де қатысты. Айгүл Мүкейдің жаңалықтарды жүргізген кездерді сағынғандар көп деген ойдамын. Жалпы, біз «Хабардың» ұйытқысына айналған журналистерді жинадық. Телетуынды тұсаукесері 23 қазан күні «Хабар» Агенттігінің туған күнмен тұспа-тұс келгені де бекер емес.

Естеріңізге сала кетейік, телехикая 23 қазан күні сағат 16:00-те және 24 қазан күні сағат 16:00-де «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

Айта кетейік, «Хабар», «Хабар 24», «EL ARNA» және «Qazaq TV» телеарналарын біріктірген «Хабар» Агенттігі білікті мамандарды даярлаудың ұстаханасы қызметін атқарып келеді. Танымал журналистердің көбі қызмет жолын «Хабар» Агенттігінен бастаған еді.

Бүгінде айтулы «тәлімгерлік жүйе» медиа-холдингтің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігіне айналды. «Хабарда» білікті қызметкерлерден құрылған ішкі менторлардың өзіндік пулы қалыптасып үлгерген. Жыл сайын Агенттік қызметкерлері студенттер және жас журналистермен тәжірибе алмасу іс-шараларын өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938161-xabar-tugan-kunine-orai-telezurnalister-turaly-film-korsetedi/

pixel