Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзгеріп кетіпті": Айжұлдыз Адайбекова шашын жаңа түске бояп тастады (фото)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова образына тағы да өзгеріс енгізді. Ол шашын жаңа түске бояп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова стилі мен образын өзгертуден қорықпайды. Жас дизайнер оны тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол шашын жаңа түске бояп, шыққан нәтижесімен Instagram парақшасында бөлісті.

Желі қолданушылары өнер иесінің өзгерістеріне үйреніп қалған. Олар бұл жайтқа қатты таңғала қойған жоқ. Десе де, Айжұлдыздың жаңа шаш үлгісі желіде пікіралас тудырмай қойған жоқ.

Бірі сары түс оған жарасып тұрғанын айтса, енді бірі оны сынап тастады.

"Бәрі жарасымды. Шашыңды сарыға боясаң да, сенің жүзіңнен, бейнеңнен қазақы қалпың көрініп тұрады. Сондай тәтті де тартымды, бұзық та, байсалдысың. Алла тілден, көзден сақтасын", "Шаш та, өзі де, киімі де керемет", "Жараспайды, қара түсіңіз жақсы еді", "Бұрынғы өзінің шашы әдемі ғой", "Өзгеріп кетіпті ғой. Шашын бояудан жалықпайды", "Өте әдемі", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938164-ne-angime-aizuldyz-adaibekova-sasyn-zana-tuske-boyap-tastady-foto/

pixel