RU

"Қара пантера": Ел алдына жаңа кейіпте шыққан Жұлдыз Әбдікәрімованы көпшілік танымай қалды

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желіде су жаңа фотосессиясының суреттерімен бөлісіп, елді таңғалдырды. Желі қолданушылары көпбалалы ананы мұндай кейіпте ешқашан көрмеген. Сол себепті, кейбір оқырмандар Қайрат Нұртастың жарын танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында ерекше фотосессиясын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Суретте актрисаның толығымен қара түсті образда көшеде келе жатқанын аңғаруға болады.

Желі қолданушылары Жұлдызды бұрын-соңды мұндай стильде көрмегендіктен, оған қатты таңғалып қалған. Көпшілік оны голливудтық блокбастердің кейіпкеріне қатты ұқсатты.

Оқырмандар Әбдікәрімованң образына қатысты пікірлерін жарыса қалдырып жатыр.

"Қара Жұлдыз", "Миссис Смит", "Анджелинадан қай жері кем? Тіпті одан да күшті дер едім", "Өртеп жібердіңіз. Шұғыл түрде өртсөндірушілерді шақырыңдар", "Жұлдыз, не деген ерекше образ. Сізді танымай қалдым", "Матрица", "Жұлдыз - детектив", "Қара пантера", "Қарадағы ару", "Агент 007", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938177-qara-pantera-el-aldyna-zana-keiipte-syqqan-zuldyz-abdikarimovany-kopsilik-tanymai-qaldy/