Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 жыл бірге": Жорабаева ата-анасын отау құрған күндерімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева ата-анасымен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желіде ата-анасына аса әсерлі жазба арнап, оларды отау құрған күндерімен ерекше құттықтады. Өнер иесі перзенттік ақ тілегін жолдап, өзінің махаббатын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алтынай Жорабаева ата-анасына арнаған жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы онда ағынан жарылып, өзіне өмір сыйлаған жандарға алғысын білдірді.

Белгілі болғандай, әншінің ата-анасының отасқандарына биыл 50 жыл болған. Жұлдызды әулет осыған байланысты дүркіретіп той жасағысы келген. Алайда, әртістің әкесі оған қарсы шығып, карантин кезінде той тойлаудан бас тартыпты.

"Алланың қалауымен, бүгін асқар тауым - әкем мен аяулы анашымның отау құрғанына 50 жыл толды. Алла екі дүниеде де бірге болуды жазсын. Ұл-қыздарының, немере-шөберелерінің тек қызығын, қуанышын көруді нәсіп етсін.
Ең бастысы, Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Әкетайым той жасауға қарсы болды. Себебі, "мынау пандемиядан енді шықтық. 100, 200 адамға ғана рұқсат екен. Ердей жасаған соң, барлық туған-туыс, дос-жаран, құда-жекжатты шақыру керек.
Оның барлығын шақырсақ 500, 600 адам болады. Мемлекеттің тәртібіне бағыну керек" деді әкетайым. Әкеміз бен анамыздың бір ауыз сөзіне қарсы келген емеспіз. Алла нәсіп етсе, әлі той тойлаймыз", - деп жазды Жорабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938184-50-zyl-birge-zorabaeva-ata-anasyn-otau-qurgan-kunderimen-erekse-quttyqtady/

pixel