Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертегі сияқты": Табиғат аясында суретке түскен Тәуекел мен Махаббат елді сүйсіндірді

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mahonti__

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім жары Махаббатпен ерекше фотосессия жасады. Ерлі-зайыпты табиғат аясындағы әдемі кадрларымен желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдызды жұптың жаңа суреттері Махаббат Мүсілімнің Instagram парақшасында пайда болды. Фотода қос ғашық көлдің ортасында қайықта тұр. Оған қоса, олардың қасында екі аққу жүзіп жүр.

Түрік фотографы бұл ерекше сәтті жіберіп алмай, Көлсайда естен кетпес фотосессия жасаған.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға сүйсіне қарап, өз жылы лебіздерін білдіруде.

Олар Тәуекел мен Махаббаттың өзара жарасымдылығына тәнті болған.

"Екеуіңіз ең әдемі жұпсыздар, көз тимесін", "Суреттер керемет шыққан. Тура ертегідегідей. Махаббатқа куә болған сондай күшті әсер қалдырады", "Романтиканы өлтіріпсіздер", "Тура ертегі сияқты. Бақытты болыңыздар", "Аққулар дәл қастарыңда тұр ғой. Қандай ерекше сәт", "Қандай әдемі кадрлар", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938235-ertegi-siyaqty-tabigat-ayasynda-suretke-tusken-tauekel-men-maxabbat-eldi-suisindirdi/

pixel